Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

Cүйгенде шығар өлеңді...
Сезімнің желі сеніде
Сезбепсің шарпып өтерін 
Самал боп соққан желінің
Санаңа мен боп жетерін

Өлеңге ғашық жүрегің
Меніде іздеп жүрмеді
Сүйгенде шығар өлеңді
Ол бірақ мені сүймеді

Самал жел болып сол сезім
Жүректі неге тербеді
Жаныма шыққан жараны 
Тек үш-ақ күн емдеді

Келер күндерден күткен ем
Жанымды менің емдер деп
Дәрісі тауысылдыма 
Ол бірақ маған ем бермед.

Зырылдап өттің, зырылдап
Сезімнің тамшы жасындай
Дос болайық қосылған
Сенің бір қалың қасыңдай
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 795 | Рейтинг: 0.0/0