МАХАББАТЫМА
Бүгін маған махаббат қарамады Жүрегімді жаншылап жаралады. Маған деген сәулесі сезімінің Сөнгендей боп жаныма таралады. Бүгін оның реніші артып кетті Жүрегімді сыздап суық тартып кетті Мен бе, ол ма білмеймін, түсінбедім, Сезіміміз серпіліс ап артық кетті. Бүгін және мен оны тыңдамадым, Тыңдамадым, ұғыспай мұңға бардым. Безіп кеткім келді енді басқа жаққа, Жұпарын жұтып алып тың даламның. Бүгін мені ол да көп ұға алмады, Түсініксіз болдым мен мың арналы Сөйтсе - дағы, О, махаббат құдіретсің ғой. Шыдамадық, хабарласпай тұра алмадық. Ол үшін мен бәрін де құрбан еткем, Махаббатқа адалдықта шыңға жеткем, Ол да бәлкім, шын сүйген шығар мені Менсіз күні жоқ еді «тойға» кеткен. Бүгін міне, сағынып жаза бердім, Сөздерін нағыз батыл қазақ ердің Сонда мен естігім келді одан... «Қойшы ботам, сүйем сені!», «Жаным менің!» Жоқ, жаным ерікті етем мен төзімді, Жоқ, жаным үмітті етем әр сөзімді, Жоқ, жаным ешкімге де қия алмаймын Саған ғана сақталған гүл - сезімді.
| |
Просмотров: 889 | |