Нәзік сезім
Тағдыр бізді тым кеш кезіктірді, Кезіктіріп,жүректі еліктірді. Көне алмай бұл тағдыр әлегіне Жол бердік нәзік сезім жетегіне. Арман қылып сені маған,мені саған, Махаббат ғой бар ойды жаулап алған. Басқа жан құшақтаған сәтте сені, Қайтсем екен қансыраған жүрегімді? Сен қарайсын мен жаққа абайлап бір, Мен қараушы ем сол сәтте армандап бір. Жәутеңдеп жанарымыз, көңіл толқып, Бөленушіек ыстығына сезімнің балқып. Амал қанша арамдыққа бара алмаймыз, Жанып отқа, іштей күйіп, қия алмаймыз. Армандаумен,аялаумен, үнсіз бағынумен, Сезімді бұл жүректің түкпіріне сақтаймыз.
| |
Просмотров: 946 | |