Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Жұмбақ қыз
Таң атқанда қарсы алдымнан,
Бір қыз көрем күнде өтетін.
Күлімсіреп тамсандырған,
Көңілімді жүдететін.
Пай-пай жүрек қандайсың?
Көрсем де күнде дір ететін.
Сол қызды ұната жаздайсың,
Жымиып қарап бір өтетін.
Көзбенен ғана "сәлем" деп,
Сөз айтып амандаспайсың.
Сол қызды жақын таним деп,
Қалайша қадам тастайсың?
Азаннан мына таңды илеп,
Жүрегім қалай бастасын?
Бастасам сөзді таниын деп,
Лақтырып өмір тастасын.
Себебі жүрек өзгені,
Өзгені сүйет басқасын.
Қанша рет қарап өтсе де,
Жүрегім шектен аспасын.
Көзбенен ғана "сәлем" де,
Көзбенен ғана амандас.
Сәттілік көзбен тіле де,
Көзіңмен ғана аралас.
Бір қызға бұны білдіртпен,
Құрадың сөзді құрамас.
Сол қызға (сүйген жүрекпен),
Сол қызға сірә ұнамас.
Жүректен сізге орын жоқ,
Бір сүйген жүрек арылмас.
Жұмбақ болып қала бер,
Жұмбақ болған қарындас.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 944 | Рейтинг: 0.0/0