Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Мен сенің қай жеріңді сағыныппын
Неше түрлі құдайға табыныппын,
Күн сайын гороскоппен сабылыппын.
Бір түні жатып алып сұрақ қойдым,
Мен сенің қай жеріңді сағыныппын?

Аңсайтындай сен маған не істеп едің?
Мен болсам ше,
Ал мен болсам не істемедім?
Жүріп едім жылағанда жұбатып-ақ,
Сонда да сезімімді ескермедің.

Ойласам бостан бос налыппын ғой,
Күтіп-күтіп мазасыз күйге ендім.
Еркем-ау, ұмытып қалыппын ғой,
Мен сенің қай жеріңді сүйген едім?

Сен ойлама жүреді деп күтіп бекер,
Әйтеуір кездесерміз кешіксек те.
Уақыт шіркін зымырап өтіп кетер,
Амандаспай өтерміз кезіксек те.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 839 | Рейтинг: 0.0/0