Тағдырыма несіне өкпелеппің
Эх, өмір сен қандай қиын едің, Бағынып кеп алдыма, иілмедің. Суық алып денемді тонған кезде, Сол суыққа өзімді бейімдедің. Жылытатын жып-жылы киім бе едің? Вешалкама киім боп ілінбедің. Денеме суығыңды жібердің де, Жүрегімді осылай тілімдедің. Ей, өмірім сен қандай қиын едің, Өзіңе қарсы соққан құйын ба едім? Не істеп қойдым мен саған, кінәм бар ма? Лақтырып тастайтұғын қиың ба едім? Бағын маган, тағдырым, басын дедім, Өмірдегі ұлы бекет-тасым дедім. Ол бекетім тағдыр емес өмір екен, Жеңілдім, өміріме басымды идім. Қарсы шығып уақытқа көпке кеттім, Осыны кінә санап өмір неттің? Ей, өмірім кінәлі сен екенсің, Тағдырыма несіне өкпелеппін? Сен ұнаттың өзгені, бүгін білдім, Саған ғана беріпті өмір гүлін. Ал мен болсам отырмын өлең жазып, Жүрегімді осылай еттің тілім-тілім. Білдім ғой осы күннің келетінін, Өмірім бір суығын беретінін. Ұмытармын бұны да, ұмытармын, Әйтеуір жүрегіме келер тыным. Өлеңімнің осы ғой қайырмасы, Осы болсын бақыттың айырбасы. Әке-шешем ана жақта күбірлеп жүр, Ей, өмірім, олардан айырмашы.
| |
Просмотров: 868 | |