Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Ұмыт бәрін
Ұмыт бәрін,
Таңғажайып қылықтарын.
Бір уақыт жүрегіңді жылытқанын,
Жылытып барып, әйтеуір суытқанын.

Ұмыт оны,
Жігітім, ұмыт оны,
Кеудеңде болып еді үміт оты.
Өшірді де үмітті кеудеңдегі,
Қасыңнан түлкі өмір күліп өтті.

Ұмыт соны,
Өтінем, ұмыт соны,
Өмір сені лақтырды оңды-солды.
Шабыт берген сол еді мына маған,
Енді осы болар ма екен жырдың соңы.

Ұмыт, ұмыт...
Бәрін де ұмытқайсың,
Көңілді соған деген суытқайсың.
Есігін айқара ашқан тек сол үшін,
Сенемін жүрегіңді құлыптайсың.

Ұмыт бүгін,
Бәрін де ұмыт бүгін,
Жұлып ал да лақтыршы үміт гүлін.
Қайран жүрек бұндайға үйренбеген,
Қайтейін, сонда да үміттімін.

Ұмыт бәрін,
Жадыңда сақта сені де ұмытқанын.
Жүрегіңнен жұлып тастай алмасаң,
Есіңе ал қаншама былық-шылықтарын.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 977 | Рейтинг: 0.0/0