Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Білесің бе?!
Білесіңбе, мен өзіңсіз өлмейді екем,
Керісінше, белімді будым бекем.
Бұрындары қалайша білмегенмін,
Бұл өмір өзіңсіз де бөлек екен.

Сен ойлама өзіңсіз күлмейді деп,
Бақытты боп өзгемен жүрмейді деп.
Сен ойлама гулдесе де алма ағаш,
Саған деген сезімім гүлдейді деп.

Білесің бе, сені мүлдем сүймеппін,
Сен деп мүлдем өртеніп те күймеппін.
Рахмет саған, сезим жайлы сыр шертіп
Шын сүйуді мына маған үйреттің.


Алма ағаш гүлдеді әдетімен,
Ағаш бақты, сен мені сәнді етіп ең.
Гүлдегенмен ағашың, сезім солып,
Мен жүрмін махаббаттың әлегімен.

Өзің деп күнде күнде әндетіп ем,
Өзіңмен өмірімді мәнді етіп ем.
Суреттейін тастағы кетпейтұғын,
Есіміңді санамда мәңгі етіп ең

Сүймесең қарап күлмеші,
Жүрегімді зулатып.
Ұнатсаң жаным кел деші,
Көңілімді қуантып.
Суйе тұрып, кетпеші,
Жігерімді құлатып.
Күле қарап мағанда, 
Қоясың ылғи тулатып.

Сүймесең маған қарама, 
Қонбаған бақ деп бағала.
Сағынып жүрген көлдерін
Болайын менде шағала.

Көп күттірмей келші енді жағаға,
Сезімімнің айдын көлін жағала.
Өзіңменен өткен әр күн минутты,
Жаным күнде, өмір бойы бағала.

Сүймесең маған үндеме,
Түсіңде, көрген түндеде.
Басқа жанмен жүрсемде,
Жаным мені,жаным мені күндеме.


Мына сенсің сезіміме сенбеген,
Көңілімнің қалауы тек сен деп ем.
Кеудідегі жалындаған сезімім
Бұрынғыдай, әлі күнге сөнбеген.

Сөнбейді , керісінше алаулайды,
Естелікті сен жайлы аялайды.
Сені ойлап көңілде тозып болды,
Қиналуды бұдан әрі қаламайды.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 1014 | Рейтинг: 0.0/0