СҮЙГЕНДЕРДІ ҚОСПАЙДЫ ЕКЕН,ҚОСПАЙДЫ...
Әуелден-ақ жаныма жақын едің, Жазылмайтын жүректің жартысы едің. Көрген сайын көңілді көтеретін, Көгімдегі күнімнің шуағы едің. Өмірімнің парағына жазылған, Ірге-тасы сезіміңнен соғылған. Мені дәйім сәттілікке тап қылар, Тұмарымсын тағдырыма тағылған. Тарихыма таңылдың,"кетем" деме, Тым болмаса өмірді сен өксітпе. Тағдырың бар тасқа қашап жазылған, Білем бәрін,бірақ та "сүйме" деме. ЖАЗА БАСТЫМ,СҮЙМЕЙТІНДІ СҮЙДІМ МЕН, Құр қалдым да сезім дәмін көруден. СҮЙГЕНДЕРДІ ҚОСПАЙДЫ ЕКЕН,ҚОСПАЙДЫ, Қалдық тағы тағдырға біз сенуден.
| |
Просмотров: 889 | |