Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Аялдама!
Автовокзал, таныс аймақ, жігерлі күн,
Өзіңменен танысып тұстасар үн.
Бір сырым бар жүректе жасырынған,
ҚарМТУ аялдамасымен ұштасатын.
Шексіз жолдар 45-ші орамы,
Жаңа туған сағыныштың бір сыры.
Сен артымда, мен алды да отқан соң,
Сол сағыныш алау күшпен орады.
Тарсылдаған доңғалақтар ойымды үзді,
Жаңа ғана туған ой сол бір ізгі.
Кондуктор да хабарлап келесіні,
Сен де күтіп тұрсың екен есік алды.
Жалт қарадың көзіңнің қарасымен,
Тағы күт 43-ті мен мінемін,
Дегендей әлі талай кездесерміз,
Сол қарас алдамады қазір доспыз.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 828 | Рейтинг: 0.0/0