Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

ЕСЕППЕН СҮЙМЕ
Сүйгенге сүйеу болу да ғажап іс бекен
Сұлу да бар ғой өзіңді емес сөз сүйген
Сыртынан сұлу көрінер жандар аз емес
Сезімді арзан бағалап төмен ой түйген

Ойыңды сатпа ақылың қымбат қазығың,
Сырыңды шашпа жүрекке түсер ауыр мұң
Болсаңда қарсы бір кінә ерді соңынан
Сезіммен емес есеппен сүйдің жазығың

Қолыңды созба ардақты асыл гүлдерге
Болар ед бағың қадірін жанның білгенде
Тілдеспей қойдың бір сезім сәуле шашқанда
Өкіндің бірақ жүректен сәуле сөнгенде

Есеппен сүйме ойымның тегіс терісі
Оранып шындық өрілсін өмір желісі
Сезімнің таңы оятса сергек тұра ғой
Базбіреу болар сезімді сыйға бергісі.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 776 | Рейтинг: 0.0/0