МАХАББАТ БАР МА? ЖОҚПА?
Мынау біздің дәуреніміз, біз тынбайтын жастармыз Біздер деген жас журек боп, мәңгілікке бастармыз Мәңгіліктің, мәңгіліктің аспанында қалықтар Қыран құспыз, биіктегі шыңдарға көз тастармыз Бала күннен бал сезімнің дәмін татып келеміз Демек бізде сезімдердің не екенін білеміз Сезімдермен қарама-қарсы келсекте Жүректегі сұрақтарға жауап таппай көнеміз Сезім десе – қай бір жанда, жан жағына жалақтар Сезім десе – еріп кетер, жылдап тұрған қыраттар Сезім десе – шықпайды екен, ой санаңды айналып Махаббатқа арналып бір, қойылытын сұрақтар... Махаббат барма, жоқпа? Тек ғашықтар жауап табар бұл сұраққа. Махаббат ол, махаббат ол жүрегіңде тұрақтар Білгің келсе махаббатың бар жоғын, Ғашық болған кезіңде сен, жүрегіңнен сұрап қал Махаббат бар достықпенен басталатын Махаббат бар бір көргеннен мас қылатын Махаббат бар жауапсыз деп саналатын Махаббат бар шын сүйюден жаралатын Махаббат бар жалыққанша созылатын Махаббат бар ақ параққа жазылатын Махаббат бар ойда жоқта табылатын Махаббат бар бір-ақ түнмен жабылатын Махаббат бар басыңда жын ойнататын Махаббат бар өміріңді жайнататын Махаббат бар басыңа бақ қондыратын Махаббат бар көз жасыңды көл қылатын Махаббат бар қолың жетпей тұтанатын Махаббат бар жанарыңда жас болатын Махаббат бар жүрегіңмен таласатын Махаббат бар мәңгілікке жалғасатын. Негізінде... Әр жүректің аңсаған бір махаббаты бар екен Бірі оны бағаласа, бірі оны бағалауға жоқ екен Біреулері қолындағы бақыт құстан айрылса Біреулердің махаббаты қуатталған ток екен Енді біреу лапылдап бір жанып тұрған от болса Енді біреу жалыны жоқ тек әшейін шоқ екен Енді біреу өсіп тұрған қош иісті гүл болса Енді біреу жапандағы тамыры жоқ тал екен Бар сөзімді жинақтап мен ең соңында айтарым Бұл дүние шын мәнінде махаббатсыз тар екен
| |
Просмотров: 958 | |