Махаббатым, қайдасың
Сен де жоқсың өмірде, Біз де бір күн жетерміз. Достар едік қиыспас, Еске алумен өтерміз. Судай таза жан едің, Аңқылдаған ақкөңіл. Бала кейіп, пәк көңіл. Мына жалған өмірде Бұйырмаған тәтті өмір. Досым! *** Көктем болып келуші ең, көктем болып, Аппақ гүлін айнала төккенде өрік. Ән сап менің көңілімді көтеруші ең, Анда-санда түскендей көктен келіп. Содан бері мен сені көргенім жоқ, «Өлді» деген хабарға сенгенім жоқ. Сен мен үшін жүре бер тірі болып,, Көңілімде... мен сені көмгенім жоқ. Мен үшін бірге жүрсің меніменен, Өйткені, сені өлдіге телімегем. Ақ қайыңдар ішінде, ақ көйлекпен, Ән сап жүрген түсімде сені көрем. Сені көрем гүлдердің арасынан, Қылығыңа өзіңнің жарасып ән. Күлім қағып қарайтын жатқа-дағы, Айналайын көзіңнің қарасынан. Сені енді шынымен көрмеймін бе? Тұрмын жаман хабарға сенбей мүлде. Ақ көңілмен жарылып тыңдаушы едің, Сырымды айтар екенмін сендей кімге? Қонақ болып ешқашан келмейсің бе? Жазған жаңа жырымды көрмейсің бе? Көңілімді көтеріп әре-кідік, Маған келіп ән салып бермейсің бе?
| |
Просмотров: 839 | |