Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

Сағыныш
Сағындым мен, сағынғанмен айла бар ма,
Бұл сезім жүрегіме байланған ба?
Сағыныштан мұңды боп бір сәт көңлім,
Жүректегі сан сырға айналған ба?

Сағындым ғой, сағындым ғой сені мен,
Әр сәтіміз қуаныш деп сеніп ем.
Бірақ-бірақ үміттерім ақталмай,
Мәңгі бірге бола алмадық сенімен.

Тағдыр біздің жолымызды айырды,
Бәлкім бізге сол дұрысы, қайыры.
Жанбай жатып сөнген сол бір махаббат,
Балалықтың белгісі ме, тәйірі.

Шын ғашықтық мұндай болмас сірә-да,
Екі жүрек бірге соғар күнара.
Сенім болар, ынтық сезім арада,
Ғашық жанға арта алмайсын кінә да.

Қос аққудай айдындағы жүреді, 
Бір-біріне адал болар үнемі.
Жүздерінде күлкі ойнар шаттықтан,
Әрбір жанның шын махаббат тілері.

Түсіргенбіз бұл күндері махаббатың бағасын,
Шын сезім жоқ, өлшемейміз тіпті оның шамасын.
Адалдық пен мөлдірліктің белгісі жоқ бүгінде,
Қозы-Баян махаббаты қайда кетіп барасың?!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 826 | Рейтинг: 0.0/0