Мен білем...
Бақыттымыз екеуміз Әлі талай ұзақ ғұмыр кешеміз Екеуміз қос аққудай болып, Теңізде жүзіп келеміз. Мен білем... Армандарға жетеміз, Қиындықты жеңеміз, Шаршамаймыз, Шалдықпаймыз, Ұзақ өмір сүреміз. Мен білем... Біз екеуміз... Біз екеуміз... Егіз қызды болармыз, Егіз ұлды болармыз, Ата-анамызды қуантып, Шаттық өмір сыйлармыз. Мен бақыттымын, Бақыттымын әлі де, Сенсіз өмір бос сияқты бәрі де, Барлығында,армандап, қиялдап Сенімен бірге өтсем деймін бәрінде... Мен білем... Біз екеуміз, Біз екеуміз... Биік шыңға жетеміз, Қиналсақта төземіз Бір-бірімізді дәл осылай шын сүйіп, Қиялдаған армандарға жетеміз!
| |
Просмотров: 890 | |