Сені осылай өмірде бағалаппын...
Ай қабақ алтын кірпік қиылған қас, Жібектей бұйраланған толқынды шаш! Қос жанары тұптұнық мөлдіреген, Тек күлген жыламаған көрмеген жас!!! Кең түйсік,ашық көңіл,жұмсақ мінез, Ақылы көп,арамы жоқ,жарқын жүзі! Паң емес тәкәппар кейде кербез, Сыпайы ары,толық қазақ қызы!!! Тең келмес еш бағасы өзгеге шын, Жаны пәк,көнілі ақ ерек мүсін! Ырғалған гүл,ай ару,шуақты күн, Сен осылай махаббатқа себептісің!!! Кеткенсің жас жүректі жаралап шын, Сағыныш заңы деп МАХАББАТТЫҢ! Айдана жаным менің алтыным, Сені осылай өмірде мен бағалаппын!!!
| |
Просмотров: 783 | |