Оттай ыстық жүрегіңді бағындырам
Оттай ыстық жүрегіңді бағындырам. Махаббаттың нұрына малындырам. Болсаңда байқамаған сезімімді. Болсаңда мейлі мені сағындырған. Аламын баурап сенің сезіміңді. Тауыссаңда мейлі тағат төзімімді. Жазамын саған арнап жүректен жыр. Білместен ұзақ түнде көз ілуді. Күндіз күнің боламын нұрын шашқан. Жұлдызың болам түнде жымыңдасқан. Алау болып жылытам қыста суық. Көлеңкең болам жазда демің басқан. Сен-аққу, мен-қонатын айдын көлің. Сен-қызыл гүл. Мен-ескен самал желің. Сен-сұлу қыз. Мен-жігіт сені сүйген. Сүйіп өтем кеудемнен шыққанша дем. Аламын баурап сенің жүрегіңді. Құдайым қабыл алар тілегімді. Армандап көз алдыма елестетем. Өзіңе адал жар боп жүрер күнді.
| |
Просмотров: 950 | |