Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Кіналама
Не болды екен расынанда біздерге?
Өкпелейміз қараймызда іздерге.
Әлде бәлкім мұнысы сағыныш па?
Күтші жаным,күндерден күдер үзбе.
Еске алушы ек өткенді сағынышпен,
"Уақыт шіркін оралмайды"деуші ек іштен.
Оралмайды екен ғой оралмайды,
Енді қазір не пайда өкініштен.
Сағындың ба мені де сенде жаным?
Ішім менің лаулаған оттай жалын.
Өзің келіп сөндіргін сол алауды,
Күтемін мен құйсада қанша жауын.
Жыр құйылды жүрекке ағылысқан,
Неткен сезім бұл деген сағылысқан.
Кіналама мені сен кіналама,
Мұның бәрі жаным-ау сағыныштан.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 764 | Рейтинг: 0.0/0