Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

Сағындым сені
Сағындым сені, сағындым
Лапылдаған жалынмын
Сені ойлаумен күндіз-түн
Сабырлықтан арылдым

Бойымды сезім баурады
Кеудеме қан болып тарады
Сені есімнен шығармай
Жүрегім сыздап қоймады

Оттай жанды, сөнбеді
Басқаға еш көнбеді
Дәрменсіз жай бақылаған
Ақылға ерік бермеді
Махаббатқа әлім келмеді
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 898 | Рейтинг: 0.0/0