Толғау
Жан бар ма екен... Түсінер менің жайымды. Шынымды айтсам, Түсінер емеспін өзімдегі уайымды... Ажырата алмадым Жұлдыздардан айымды. Тегістей алмай Қырым менен сайымды. Қайғы басқандай Жүректегі жайқалған қайыңды. Өмірдің мәні не? Мақсатым не? Терең ойдамын... Жауап таппай пайымды. Өмір мұхит шегі жоқ, Ғасырлармен дәлелденген. Басыңда бақ тұрса, Дұшпаныңнан досың көп. Таяр болса бағың егер Сол достарың жараңды басады дөп. Өмір деген өлімге жол Ұстайды пенделерді көгендеп. Мен де талай адасқанмын, Адасқандарға ерем деп. Адасқандар деймін ау, Өзімде білмеймін тура жолда жүргендерді. Тура жол деп есептеймін Жүрегім тура дегендерді. Айнала тұман, көкжалдай Өз ізіме өзімде сенбеймін.
| |
Просмотров: 747 | |