Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Ұмыта алмадым...
Отырмын, өзеннің жағасында,
Тас лактырып арасында.
Еске алып өзіңді
Ұмыта алмай, сүйем деген сөзіңді.
Су сыңғыры,
Ұқсап кетті сенің ерке сөзіңе,
Мөлдірлігі өзен суының,
Жете алмас сенің жаным көзіңе
Айырылып өзіңнен
Отырмын,өзен жағасында езіле.
Тоңыпта қалдым
Күз суығы сезіле.
Өкініштен өртенемін
Орала алсам сол кезіме.
Жаным, сені сүйемін
Айтар едім, қалсаң егер кезіге.

Отырмын әлі жағасында өзеннің
Сені жаным
Іздеуменен бар әлемді кезермін
Сүйем сені ес-түссіз
Сол үшинде төзермін.
Таба алмадым емін мен
Махаббат деген кеселдің.

Сүйетін едің ғой сенде мені,
Оралшы жаным...
Сенде ғана жүрегімнің емі.
Кездесейік сол бір өзен жағсында,
Тырыссамда, ұмыта алмадым сені.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 872 | Рейтинг: 0.0/0