Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Бір өзіңе сенің ғашықпын
Бір өзіңе ғашықпын мен шыныменде,
Сені ойлаймын, күніменде, түніменде.
Ғашықтықтан, неге сонша қиналамын?
Сен ерекше сұлусың, сыры неде?
Ғашық болдым, сенің сұлу көздеріңе
Еркелеген нәзік сенің сөздеріңе.
Сыңғырлаған күлкіңменен ажарыңа
Шиедей болған тәп – тәтті ерініңе.
Қиналамын себебі сен басқа жерде,
Шыдаймын ғой басқа амалым барма менде?
Сені ғана сүйемін жан тәніммен
Шын сүймесем қарар едім өзгелерге.
Өзіңнен басқа қызды мен көрмеймін,
Сүйген жаным тек қана өзің деймін.
Кешкісін көше жаққа шыққан кезде,
Сені келіп қалама деп елеңдеймін.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 956 | Рейтинг: 0.0/0