Махаббат,сірә,болмайды деп ойлағам
Махаббат,сірә,болмайды деп ойлағам, Жалған сезімнің сиқырына да тоймағам. Ұғындым енді махаббат деген не екенін Сен болдың,жаным,осыны маған сыйлаған. Махаббат деген-аққудай нәзік жүрісің, Махаббат деген-жымиған жылы күлісің. Осының бәрін сыйлаған,жаным,сен өзің "Махаббат" деген әдемі бақтың гүлісің. Махаббат деген-шуақты,нұрлы көздерің, Махаббат деген-сыбырлап айтқан сөздерің. Махаббат деген-мен үшін,жаным,өзіңсің Мына жалғанда ұғынып,біліп,сезгенім.
| |
Просмотров: 775 | |