Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Шын ғашықтар қосылмасын о бастан-ақ біліпті-ау
Шын ғашықтар қосылмасын о бастан-ақ біліпті-ау,
Қос аққудың бір болуын тағдыр басқа жазбапты-ау.
Серт бергенімен адалдыққы, тағдыр жазбас не шара
Адал бола алмады ма, сол бір аққу бишара?

Сатып кетті-ау, алдап кетті-ау, құлай сүйген сол жұбын,
Өкініштен іші күйген көрсең түрін сол құстың.
Өкінеді ол бәріне, күйінеді өмірге,
Өтермекен бұл өмірден, шыдай алмай төзімге.

Адал болшы сүйгеніңе, алдамашы өтінем
Сол сүйгенің саған қымбат адамдардың көбінен.
Уақытында сүйгеніңді бағалауға тырысқын,
Жараспайды саған жаным, бұл алдамшы жүрісің.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 813 | Рейтинг: 0.0/0