Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Өткен күндер оралмайды, кайта айналып келмейді
Өткен күндер оралмайды, кайта айналып келмейді.
Бірақ сезім мендік неге өршеленіп сөнбейді?
Сағыныштан, қызғаныштан құса болған жүректе,
Саған деген махаббатым сәулем сөнбей өлмейді.

Әке атандың армандарың асқақ шығар ардағым.
Бақытты бол гүл бағында сыйға тартқан Алланың!
Тартып келем ең әдемі мұңның асыл салмағын
Кешір жаным мен өзіңді еш ұмыта алмадым.

Таңым атып, кешім батып, өтіп жатыр күндерім,
Жыламаймын бірақ шынайы есімде жоқ күлгенім.
Ақ тұманда адасқандай арманым да есте жоқ...
Сағат сынды сырт-сырт соғып әйтеуір сол жүргенім.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 1086 | Рейтинг: 0.0/0