Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

О, махаббат – сегіз әріп бір арман
Махаббаттың уы тәтті дегенмен,
Уын серпу қиынырақ денеңнен,
Ал нәрі ше? Нәрі ащы кей-кейде,
Сол ащы нәр батырады тереңнен,

Ұяң жігіт ғашық еді жасынан,
Бала кезден шықпай қойған қасынан,
10 жыл өтсін ғашықтығы өшпеді,
Ал қыз болса, қарамады басынан.

Махаббаты арман болып көрінді,
Ащы тамшы жүрегінен төгілді,
Хас сұлуы кете барды өзгемен,
Бәрі бітті... Сағы сынды...Сөгілді.

Нәрін ішіп, уын жұтып, азық қып,
Жүргендер көп, бірақ емес жазықты,
«О, махаббат – сегіз әріп бір арман»,
Деп сол жігіт қажып тасқа жазыпты.

Сегіз әріп оқылғанмен оп-оңай,
Шегі кейде жеткізбейді тоқтамай,
Сегіз әріп жалған екен біреуге
Ал біреуге, арман екен, бұ қалай???

О,махаббат – сегіз әріп бір арман,
Сезімдерді тәнті қылған құмардан,
Өзің үшін қуанады біреулер,
Ал біреулер болады екен жыларман.

Ғашық жандар күтер жауап тағатсыз,
Жерде қалмас шын сезімдер сауапсыз,
Қанша жерден сүйсін, мейлі, ешкім де
Кінәлі емес махаббатқа жауапсыз!!!

Махаббатқа жарасады наз қылық,
Жазылды сөз тасқа түптен қажылып,
Жігіт назын көтереді сол бір тас
Тұрса ол сөз мәңгі солай жазылып!!!

«О, махаббат – сегіз әріп бір арман!»
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 1375 | Рейтинг: 0.0/0