Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Cағынышты түн .
Айдай сұлу арайым, күндей жарығым,
Өте сұлу кереметім, менің ғажабым.
Балдай тәтті, оттай лапыл ыстығым,
Ойна менімен кәне, жаным, қырсығым?

Сенің қылығыңа ет жегендей тоямын,
Біліп жүрсің-ау дейім, Ғабиттің тоярын.
Шүкір етемін, сендей жанның барына,
Ешкімді баспаспын жүректегі орныңа.

Күтер күннің аясын, алармын сонау күндерден,
Сағынышым жалғасар, айлы жұлдыз түндермен.
Жаратқан Аллах, мені көп күткізіп,
Аманат етіп, сені маған жіберген.

Жарығым-ау, мына өмірге таң қалма,
Әлі де шығамыз адам шықпас тауларға.
Шыдамды боп, төзе біл, өтінемін,
Мен айтқан уақытпенен жылдарға.

Болашақтың иісін жүрекпенен сеземін,
Маңдайдағы тағдырды, не болса да көремін.
Тек қана тілерім, арманымың бастауы,
Сенімен өмір сүріп, мейлі өлемін.

Түнімен жырлайтын сағынышты бал әнім,
Сен болмаған уақытта, айға қарап келемін.
Айнала тынышталып айға қарап ән салып,
Әнімді қайталаймын "Айкерім Айогім".
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 758 | Рейтинг: 0.0/0