Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

Қызылорда. 11-маршрут
Қарындас,
Сені сүйген жігітте арман барма?
Өмір деген қас қағым бұл жалғанда.
Іздеп жүрген салпақтап сендей жанды,
Автобустан көремін деп ойладымба?

Ұзын бойлы талдырмаш, қыпша белі,
Омырауы шығыңқы сәл төбелі.
Түзу аяқ оқтаудай, бөкен сан,
Көініп тұр бірер жас үлкендігі.

Берейін деп орынмды тұра бердім
Менен бұрын өзгенің жолы болды.
Сонда дағы қасына бара бердім,
Көздегенім көрікті қыз жүзі болды.

Төгілген шаш арқасына, айна көзді,
Жазық маңдай теп-тегіс ашаң жүзді.
Жаутаң қаққан кірпігі, қиылған қас,
Қызыл ерін мысымды әбден езді.

Әппақ қардай жұмырлы қос білегі,
Бола берді қос білек өрт өзегі.
Саусағына келгенде көз сүрінді,
Байқап қалдым саусағынан бір жүзікті.

Азабына шыдай алмай тайқып кеттім,
Жасқандымба білмеймін кейін кеттім.
Шыға берген сумаңдап сұм сезімді,
Осылайша өлтіріп тастай бердім.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 902 | Рейтинг: 0.0/0