ЖҮРЕКСІЗ ӨМІР СҮРЕМІН
Қадалған қанжар жүрекке маза бермеді, Алмастай өткір қылышын тағдыр сермеді. Жүрегім жансыз жалғыз-ақ жарты қалпында, Қалды ғой қайтем,сонда да күтіп жүр сені. Жаралған жаным өзіңсіз өмір өтпейді, Сенделген сезім сен үшін неге өшпейді?! Жалғаннан жаным жалығып дағы кетсем де, Сүйемін мәңгі сүймегін мені сен мейлі. Қасымда болма мәлім ғой бәрі бұрыннан, Ермеймін мен де ендігі сенің соңыңнан. Бар кінәм менің сүйгенім болса өзіңді, Кешірім сұрайм жаралы жүрек атынан. Бейнеңді сенің көлбеңдеп күнде журетін, Көруге ынтық болмайды енді жүрегім. Өзгелік болған өзіңдң енді ойламай, Боламын адам жүрексіз өмір сүретін.
| |
| Просмотров: 1003 | |