Шөл бойымен жүріп келем қадам басып
Шөл бойымен жүріп келем қадам басып, Жалғыздық жолыменен құмдар асып. Тек түн самалы беріп келді көңілге дем, Қиялдарға жетелер есік ашып... Бір мезет нұр шашылды сапарыма, Бір бақыт қосылды қатарыма. Қол ұстастық, жолымыз біріксін деп, Ажырамай, болса да қас қағымға... Сол кезде шөл дала жәйнай кетті, Құм басқан далаға көктем бітті... Тағдырымда болғаны осы ғой деп, Жүрегім ұшардай боп көкке жетті... Бірақ... амал қанша... Бұл сапарда Ұзақ жүрмедік бақытпенен бір қатарда... Қалдым жалғызсырап құм үстінде, Көктен іздеп арманымды күн батарда... Шөл бойымен жүріп келем қадам басып, Жалғыздық жолыменен құмдар асып... Тек түн самалы берер енді көңілге дем, Қиялдарға жетелер есік ашып...
| |
Просмотров: 844 | |