Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

ЖҮРЕК СЫРЫ
Көп оқушы едім, күз туралы ақындардың жырларын.
Өкінішпен зар мұңға толы жүрек сырларын.
Тек қасіретке балаған, күздің қатпар қырларын.
Мен де білмедім, сол жағымсыз мезгілдің...
Жүрегіме бақыт нұрын сыйларын.
Кей жандар армандайды күзгі бақты.
Күзгі сырнай мұңды әуенін тартты. 
Сол әуенге тербелген ағаштар...
Жапырағын қимай айырылысып жатты.
Түсінемін ағаштың мұңды күйін...
Осы бір сиқырлы әуен жүрегімді сыздатты.

Тоңдырып барады, күздің салқын жаңбыры.
Жаз секілді жылытпайды таң нұры
Құштар емес өмірге, жүрегімнің жан сыры...
Мазақ етіп барады, мына өмірдің қалжыңы.

Мен ағаш,
Сен жапырақ,
Сені жаным қимаймын...
Жапырағыммен жайқалып,
айналама қуаныш сыйлаймын...
қыс келгенде 
сен кетесің қайрылмастан
жапырақсыз ағашпын...
айналамды ызғардан калай корғаймын...
өмір сүрем
жапырақсыз да солмаймын.
Шын сүюге қабілетті жүрегім
Сондықтан да 
Қаһарлы кыста тоңбаймын.

Суый алмаймын
Қабілетсіз жүрек жауыздыққа
Ей адамзат
Жауыздықты ауыздықта!!!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 860 | Рейтинг: 0.0/0