ТҮНГІ САҒЫНЫШ
Түн ұйқымды ұрлады, Мазалайды бір сұрақ. Қанша жан махаббаты жырлады. Түсіне алмады жан бірақ. Менің де сырым жүрегіме сыймады. Кінәлімін, өзім алғам сұрап. Мойындаса да ақыл, жүрек қимады. Қасымда емессің, алыстасың жырақ. Ғашық болу бақыт шығар, сағыныш қинады... Өтірік қана күлемін, жүрегім жылады. Шарасыз ғой, амал не? іштен тынады. Сүйдім мен сол аруды даралап, Ойламадым кетер деп, жүрегімді жаралап. Жек корсемде сүйемін, қайтейін қаралап. Ұйқы қашты өткенімді саралап... Кінәлі шығармын, жасамадым көп құрбандық. Өмір өзен, ағысқа қарсы тұрмадық. Мені сүйдің күмәнім жоқ, Байқалады көзіңнен. Сенің бейнең көз алдымда, Жоғалмастан тұрды анық. Тағдыр бізді екіге бөлді жарып... Өмірге деген ой да өзгерген өзіңді танып, Өшпедің көңілден, кетсеңде жырақтанып. Мазалаймын өз өзімді сұраққа алып. Неге кеттің қайрылмасатан??? Тағдыр әлде көрді ме екен сынаққа алып? Оралшы деуге намыс жібермейді... Өмір жырын сезімім домбырамен сүйемелдейді. Бөлсе де шақырымдар арамызды, Жүректің ұмытар түрі көренбейді. Жауапсыз сұрақ мазалайды санамды. Аяқтай алмадық, екеуміз жайлы романды.
| |
Просмотров: 827 | |