Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

Естелік
Келе жатып көшеде.
Танысып ем өзіңмен.
Сол сәттен,
Айырдың мені төзімнен.
Көз алмай қарап сенің сұлу бейнеңнен
Жан дүниемді өртедің,
Мөлдір қара көзіңмен.
Күннің жарқын бейнесін
Байқадым мен жүзіңнен.
Сол күннен
Арпалысудамын сезіммен.
Ойламаймын басқаны
Сенің қара көзіңнен.
Өзгелердей айтпаймын
Сүйемін деп бала кезімнен.
Ғашық еткен сол күннен,
Байқап қарасам екі күн.
Осы күннің әр сәті
Теңелгендей ғасырмен.
Теңеймін сені лағылмен.
Өмір отер катты ағумен.
Өтуде уақыт әр қадамыңды бағумен.
Омір өтер,
Ақ парақ бетіне ізін салумен.
Ештеңе де жетпес шіркін,
Өзіңменен оңаша қалумен.
Қол устасып жүрсем деймін,
Өзіңдей сұлу арумен.
Ал сен, сен мүлде тұйықсың.
Шектелеміз сәлеміңді алумен.
Сенен басқа ой жоқ менде.
Өзгелердей артық күлкі жоқ сенде.
Келемін әлі үміт отын жағумен.
Кенелдім мен бақытқа,
Өзіңді жаным табумен.

Сыныптас боп, уақыт өтіп барады.
Бітірдік біз мектепті
Мектепте қалып барады.
Кеткенің алыс, жанға жара салады.
Алыстап кеттің, көз алдымда сұлу бейнең қалады.
Налынамын тағдырға,
Әділетсіз бөле салып араны.
Ер жеттік,айырып ақтан бөліп қараны.
Арада откен төрт жыл, емдей алмады жараны.
Міне тағы кезіктірдім өзіңді.
Тағы көрдім ғашық еткен көзіңді.
Қатқан тастай алдыңда,
Айта алмадым сөзімді.
Қуанғандай сәлем беріп жатырсың.
Сене алмаймын,
Қалайша сенсіз осынша таңды атырдым.
Қалай жағдай сыныптасым, аманбысың?!
Бала кезгі досыңды, танымай сен қалғанбысың?!
Көрмегелі қай заман?!
Лайқты жар алғанбысың?!
Осылай жаудырып жатыр сұрақты.
Неге ғана көзін аштың,
Мөлдір сезім бұлақтың.
Астында қалып сен қойған сұрақтың.
Қайран өмір сезімімді жылаттың.
Тіл қата алмай бала махаббатыма,
Қол жетпесе де бала шағымда,
Жазықсыз жүрегімді жұбаттым.

Ұмыта алмадым, өзге жанның бағысың.
Жеңе алмадым
Қатал өмір ағысын.
Танымағандай өтіп кеттім қасыңнан.
Ең ұлы емші де емдей алмады.
Жүректің ауырған жарасын.
Асау өмір күтер дайым саласын.
Қайран уақыт, зулап өтіп барасың.
Қосылмасақта бала ғашық
Мен үшін сен дарасың..
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 726 | Рейтинг: 0.0/0