Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 28.06.2025

Анама
Кеш батты, отырмын мен ойлана.
Анамды мен сағынып,
Өткен күнді ойға ала.
Сағындым маңдайдан сүйген кездеріңді.
Сағындым еркелеткен сөздеріңді.
Мойындаймын,
Жастығымда болдым тым қырсық.
Есімде ренжіп еркелегенім.
Қаншама рет ренжітсемде
Байқатпадың ыза лебін
Жүзіңде мұң көрсетпедің.
Өмірде мына адам болуымды көздеп едің.
Анашым сен әулиесің
Көрсеткеніме өкінемін,
Балалықтың көп әуресін.
Анашым сен қараңғы түнектегі
Мен үшін жарық болған сәулесің.
Келдім міне мерекеңмен құтықтауға.
Сыйлағым келді өмірдің бар байлығын,
Жетпеді бірақ менің оған айлығым.
Сыйлағым келді ең қымбатты алтынды,
Бірақ ол да қайтара алмас менің саби қалпымды.
Сыйлағым келді әлемнің бар гүлін,
Сездіре алмас бірақ, жүрегімнің дүрсілін.
Сыйлык таппай бас та қатты азырақ,
Өлшеп көрдім әр затты
Таразыға салып ап.
Ешқайсысыда тең келмеді
Сенің ана тырнағыңнын ұшына.
Өтей де алмаспын ешқашан
Қарыздармын ағарған әр шашыңа.

Ойланумен шештім ана қабыл ал,
Ақша, байлық, бәрі де табылар
Сыйлығым менің өз сүтіңмен дарыған,
Ақ сүтіңмен өмір сүруге де жарығам.
Жалынды жүректен шыққан сөздерім.
Қабыл ал ана жалынам.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 823 | Рейтинг: 2.0/1