ҮН-ТҮНСІЗ МАХАББАТЫМ
Айла таппай қиналдым, амал таппай, Қай қылығым қалды екен саған жақпай. Онға бөліп ойымды отыз саққа, Жүретін күнің бар ма алаңдатпай. Әзір тұрдым сен үшін шоқ басуға, Түстім талай малтығып отқа-суға. Алдыңа сан барғанда неге менің, Батылдығым жетпеді қоштасуға. Сені ойлаудан ешқашан ерінбедім, Қашан-дағы жүректің төрінде едің. Бар сырымды айтсам деп барғанымда, Арасынан достардың көрінбедің. Кімге керек ішімнен егілгенім, Қинап кетті беймезгіл көз ілгенің. Күлге ұшып үмітім ақ қанатты, Топыраққа тапталды сезімдерім. Қиялымда өрбіді сан арманым, Жақсы елестің сыйладым саған бәрін. Қош деуге де жарамай кете бардың, Мен де барып топырақ сала алмадым. Тағдыр осы, сендік боп жаралмадым, Өзіңменен көмілді бар арманым. Бақыт іздеп кетіп ең басқа жаққа, Сол кеткеннен, қалқатай, оралмадың.
| |
Просмотров: 769 | |