Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Жасырын сезім
Өзіңді сүйіп қалғаным,
Барма басқа амалым.
Сені сүйген жүрекке 
Тосқау бола алмадым.
Жас тамады көзімнен,
Ұғыншы мені сөзімнен.
Үнсіз болып қаламын
Сөйлескенде өзіңмен.
Жүрегімде мың дүрсіл,
Қағады сені сүйем деп.
Әр күлкімде жатады
Таусылмайтын мұң түнеп.
Өзің жайлы мен бүгін,
Тәтті бір түс көргенім.
Ол ғажайып түсімде
Қасымда өзің жүргенің.
(Қуанышты екен деймін екеуміз)
Келіп менің жаныма,
Сүйіп алдың ернімнен.
Бақытты басқа жан жоқтай,
Бұл әлемде тек менен...
Оянып кеттім сол сәтте,
Қасымнан сені таппадым.
Ғажайып сол бір сәт екен
Болып өткен қас-қағым.
Айналса деп өңіме,
Мен Алладан тіледім.
Болсам мәңгі өзіңмен
Болмас артық тілегім.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 842 | Рейтинг: 0.0/0