Жауабын бер!
Жауабын кім берер маған сұрақтың, Жалғанда жалғыз сені ұнаттым. Тек сені сүйемін деген сөздеріңмен, Ғашықтық жүрегімді жылаттың. Көрмесін көздерің бұл жүрегімді, Естіме сұранам бұл сөздерімді. Ғайып бол мәңгіге менің өмірімнен, Қабыл ал өтінем бұл тілегімді. Жауабын бер мына сұрақтың, Махаббат қамалын неге құлаттың? Мені жалғыз тастап кететіндей, Өзге жанды қалай ұнаттың? Жауабын кім берер маған сұрақтың, Ұмытам сені деп талпынып бақтым. Өзіңе айтатын соңғы арманым, Бермеші кілтін біз жүрген бақтың. Бастайын өмірді мен ақ парақтан, Табайын өзгені алыстан, жырақтан. Қамқор болсыншы өмірде бізге, Тапсырдым тағдырды өзіңе Жаратқан!
| |
Просмотров: 825 | |