Ғашықтық!
Cен неткен ғажап едің Сұм дүние жүрекке маза бергін, Маза бергін Ғашықпын жүрегіммен Ғашықтықты келеді жаза бергім. Ғашықтық! Сен неткен қиын едің Сағынғанда сарғайып иілемін, Күйінемін Таусылып жиі демім, О, ғашықтық, ғашыққа сыйын енді! Ғашықтық! Сен неткен кереметсің Мен сені жанымнан да керек еттім, Саған бұрып тізгінін жүрек еттің Кеп тұрады соңыңнан жүре кеткім. Махаббатсыз өмірдің мәні бар ма? Сәнім барда, жүректе әнім барда, Ақ періштем Кеудемнен жанымды ал да Үрлеп жібер самғайын сағынғанға
| |
Просмотров: 869 | |