Бір-біріне ұқсамайды күндерім
Бір-біріне ұқсамайды күндерім, Ұқсамайды жылағаным күлгенім, Бір күні мен қуанамын баладай, Жанарымды торап біркүн мұң менің, Бір біріне ұксамйды күндерім Сөніп бара жатқан шоқты үрледім Сүйіктіме берсем деймін бір күні Жинап бүкіл дүниені ңгүлдерін Бір-біріне ұқсамайды күндерім Абыр-сабыр алып – ұшып жүргенім Шие болып қалсадагы байланып Шешсем деймін күйбең тірлік күрмеуін Бір-біріне ұқсамайды күндерім Сезім қайда апарарын білмедім Тек жырларым биіктетер еңсемді Керегі жоқ үлде менен бүлденің Қайталамай өтсек деиміз сүрлеуін Елім-айлап көшіп-қонып жүргенін Менің өзім өлеңдерім және де Бір-біріне ұқсамайды күндерім Бір-біріне ұқсап қалса күндерім Күнімді түн , түнімді мен күн дедім Апақ-сапақ кеш батқандай түрленіп Іштеи күйіп, қурап барып гүлдедім.
| |
Просмотров: 836 | |