Қыздың ары...
Ар деген бар – бәрінен биік тұратын, Арың түссе, қайыстай боп сынатын, Ар жолында арпалысқан қыздарды Көп болса екен пенделерін ұғатын! Бір қыздар бар – ойы ұшқыр, салмақты Тұйық болсын, іскер және жан-жақты, Бір қыздар бар – желмен бірге жарысқан Сүрінгеннен тістеп жатқан бармақты... Пай-пай шіркін! Бір қыздар бар – өнерімен өрлеген, «Жұлдыз» болып «жарық айды» көрмеген, Бір қыздар бар – білім қуып тереңнен Су сепсе де шырақтары сөнбеген! Біреуіне меланхолик тән шығар, Бірі оның сангвиник жан шығар, Флегматиктің сырлары бар белгілі, Холерик те бұл өлеңде бар шығар?! Қыз демекші, туған олар ай болып, Ар-намысқа туған сәттен бай болып. Қыз демекші, қызғалдақтай құлпырған Жүрсе екен «қыз» деген атқа сай болып!!! Қыздың ары сезімнен де биік тым, Ұят пен бедел тағы қоса сыйыпты, Ана болсын сәбиіне – аяулы, Жары болсын жартысына – сүйікті. Иә, иә, солай, қыз жандылар – ерік шың, Тәлкегіне тағдырдың да берік тым, Сүрінбесін, жылатпасын тағдыры, Жүрмесінші «қызыл жібек» теріп мұң. Бір сүрінсе , айналдырар шырқынан, Гу-гу өсек кетер, бәлкім, сыртынан, Сүрінбейтін болмағанмен бір тұяқ Жығылмауына кім кепіл-ау, артынан? Өмір – уақыт, тоқтатпайды кемесін, Қыз дегенге тастар бақыт елесін, Қыздың арын биік ұста, төрінен, «Бізді» ешкім «бұл бейшара» демесін!
| |
Просмотров: 852 | |