Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

Ақ сезім
Аппақ мамық, ақ қар менің жанымдай,
Сол қарменен сезім кетер жалындай.
Тазалығы секілденіп ақ қардың,
Махаббатты кіршіксіз қыл, я Құдай.

Мендік сезім секілденіп бал тәтті,
Махаббатқа адалдығын байқатты.
Сендік жүрек неге екені белгісіз,
Құпиялы бір сыр сандық сияқты.

Жерге түссе еріп кетер ақ қардай,
Жел сөзбенен пәк сезімді таптамай.
Бағалайық өтіп жатқан уақытты,
Қысқа жалған, күндері аз ақпандай.

Махаббатың өз сынағы болады,
Сол сынақта көп жүректер жаралы.
Байқамай қап өзін сүйген жандарды,
Сезімі жоқ жанды сүйіп қалады.

Қос аққудай қатар жүзген айдын көлде,
Махаббатқа адал бол бұл өмірде.
Ғашық жандар шын сүйіңдер бір-біріңді,
Кетпес сызат салмай ынтық көңілдерге.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 779 | Рейтинг: 0.0/0