Жанымда мұң, тағы да неге бастап ек
Жанымда мұң, тағы да неге бастап ек, Онсызда тоқтап қалғандай еді бұл жүрек. Шақырған соң зулап келе салдың ау, Түсінем қалай, сезімің бар ғой сәл демек? Құшақтаймын дегенде неге үңілдің, Көзімнен көрдің жылуын адам сезімнің Құшақты жайып неге қыстың бойыңа, Тастамадың ба еншісіне төзімнің. Неге күліп, неге ескіні ойластық, Қалмады неге арадағы сыйластық. Қолымызды қысып неге жүрістік, Неге түннін еншісіне жайластық. Жетті тағы бір жыл өтіп көктемі, Сезді бұны құстары да көктегі, Махаббат па? оралмасын бәрібір Маған десе неге құрып кетпеді. Құшағына еніпсің өзің басқаның Өмірді жаңа сонымен бірге бастадың, Сен сездің бе оны құшып тұрғанда Жұлдызайдың үйде жылап жатқанын. Махаббатты бар деуші едім қашанда, Суйген рахат жауапсыз ғашық болсаң да, Қателестім, қателестім өкінем, Махаббат жок, мынау ессіз жалғанда. Басқамен де бола алмаймын алдаймын, Сезімдердің елегінде қалмаймын, Итере сап кеудесінен сүйгеннің, Сен сиякты қатыгез бола алмаймын.
| |
Просмотров: 853 | |