Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 05.07.2025

Өтініш-Өкініш!
Енді артыңа қарамашы өтініш,
Өзегімді өртесе де өкініш.
Бақ тілеймін, өкпелі де емеспін,
Тек артыңа қарамашы өтініш.

Жақындама, жолама енді жаныма,
Нұр бейнеңді балап едім бағыма.
Ал сен болсаң сенімімді күйреттің,
Сондықтан да, жолама енді жаныма.

Гүл тергіздің қайғы тұнған түнектен,
Өзің болдың жан-тәнімді күйреткен.
Ең алғашқы сезімімді шарпытып,
Қаталдыққа өзің дағы үйреткен...

Неге сендім, неге сүйдім мен сені?
Арманыма су септің ғой еңселі,
Еске түссе от жанарың алдамшы,
Жан жүрегім өкініштен теңселді
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 805 | Рейтинг: 0.0/0