Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

Тағдырдың үкімі сол маған...
Тұмшалап түбінде жанымның,
Мен сені тереңге тастаймын.
Өшіріп өткеннің жалынын,
Өзіңсіз жаңа өмір бастаймын.

Алыс бір қырларға жырақтап,
Көз тоймас гүлзарын саламын,
Сол жерде мәңгілік тұрақтап,
Білгейсің, бақытты боламын.

Жайдарлы жандарды жинаймын,
Сыр тұнған басына бұлақтың.
Сонда да өзіңді қимаймын,
Шалғайдан нұр сепкен шуақтым!

Әсемдік сыйлайтын бар маңға,
Ертегі әлемін кеземін.
Жалт еткен бес күндік жалғанда, 
Өзіңсіз жүре алман сеземін.

Менікі бос әуре алайда,
Бос қиял санамды торлаған.
Ұмытам өзіңді қалайда,
Тағдырдың үкімі сол маған
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 681 | Рейтинг: 0.0/0