Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Қызғаныш
Қылықты қыз назымен,
мен сені қызғанып ем.
Өзгенің құшағында,
кеттің сен күз бағымен.
Өзіңсіз күз,тағы мен.

қызғаныш,жүректе мұң,
қараңғы түнектемін.
Жүрегім жыласада,
Ауыртпа жүректерін.
Саған сор тілеп пе едім!

Сағыныш сезім ғана,
Жетпейді төзім кейде.
Жағдайы қалай екен,
бақытсыз сезінбей ме?!
Хабарсыз кеттің мүлде....

Шыдамым тауысылды,
Естимін таныс үнді.
Жалт қарап қателесем,
Аңсадым дауысыңды.
Кеудем мұң,ауырсынды.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 725 | Рейтинг: 0.0/0