Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

Сенде мені есіңе ал
Кеткеніме қуанғанда шығарсың
Жүрегіңе басқа жанды табарсың
Адастым бақыт деген орманнан
Мүмкін көрші үміт отын жағарсың

Басқаға кеткеніңде шыдадым
Сағынып сені қатты жыладым
Ер жігіт жыламайды деуші еді
Көзден жас тама берді шырағым

Жүрегім бос секілді ешкім жоқ
Сенде емес мына менде қайғы көп
Суретіңе қарай-қарай қимадым
Жүрегіңде енді маған орын жоқ

Сені ойлай күрсінемін өмірімде
Не жазды мына тағдыр өміріме
Кетсеңде недеймін тағдыр ғой
Еш қиянат болмасын өміріңде
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 794 | Рейтинг: 0.0/0