Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

Сен деп соққан жүрегім
Сен өмірде...
Басқалардан биік болдың жүректе,
Мен өзіңді шын сүйгенмен, әмір жүрмес жүрекке.
Өмір мені талай рет сүріндіріп жатса да,
Саған деген сақталмапты көңілімде еш өкпе.

Сені кейде...
келер деймін, асуларға қарайлап,
Сонда ғана өмірімнің таңы атады арайлап.
Жүзің сенің көздеріме ұшырасып қалғанда,
Мен жаныңнан өтіп кетем абайлап.

Сен де мені...
сүйер ме едің қуанышым, күнім деп,
Мен сол кезде сезімімді жырлап айтсамкүлімдеп.
Қазір сені шындығында ұмыттым ғой сонда да,
Жүрегімді өткір пышақ тастағандай тілімдеп.

Сенің бейнең...
Жанарымда, жүрегімде сөздерің,
Сол бір қызды сүйемін-деп, сен де қатты өзгердің.
"Сен сүйгенмен, ол сүймейді"-деген сөздің жаны бар,
Мен сүйгенмен кеттің ұзап жүрегінде өзгенің.

Сендік жүрек...
Тұншығады бұл өмірде қызғанып,
Біз танысқан жерге әлі барып жүрмін мұңданып.
Мен осылай сені сүйіп қаламын ба?-деп, кейде,
өз-өзіме сұрақ қойып, өз-өзіме сұранып
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 953 | Рейтинг: 0.0/0