Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

Жұқартпашы жүйкемнің клеткаларын
Күндіз-түні сен жайлы ойланамын, 
Әлі шырқап жүрмісің "бойдақ әнін?!" 
Егер мені шын сүйсең, өтінемін, 
Мендік адал сезіммен ойнамағын! 

Мені сынап сен аса сөкпе, Жаным, 
Жұқартпашы жүйкемнің клеткаларын. 
Есіңде ұста менің де жүрегімде, 
Саған деген өкініш, өкпе барын! 

Білем сенен дәрежем төмен менің, 
Өз орнымды білген соң төмендедім. 
Басынбашы осыны пайдаланып, 
Өтінерім тек осы сенен менің!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 936 | Рейтинг: 0.0/0