"Әкеме"
Туады ерлер елін қорғау үшін, Жаралған сұңқар биік самғау үшін. Мен келдім дүниеге сенің, Әке, Үзілген өміріңді жалғау үшін... Сен менің орындалмас арманымсың, Түсіме жиі кіріп мазалайтын. Тағдырдың жауабы жоқ жұмбағысың, Жүректі құпия боп жаралайтын. Асылым, асқар тауым, ардағымсың, Мен сені бақытым деп бағалаймын. Сен менің нулы қалың орманымсың, Мен бірақ жалғыз өскен қарағаймын. Өмір сүрсең қайтер ед қызың үшін? Жалғыз ғана балаңның қызығы үшін? Мені қиып бақиға кететіндей, Жаратқанның сүйікті құлымысың?! Мөп-мөлдір тұңғиығым, тұнығымсың, Мен үшін сенің бейнең - ұлы мүсін! Ғұмырың неге сонша қысқа болды, Өмірдің ерте солған гүлімісің?! P.s. Басты бүгін орныңды бөтен адам, Ауыр тиді бұл жағдай өте маған. Сені ешқашан жадымнан шығармаймын, Жоқ қой, Әке, өзіңе жетер адам! :'(
| |
Просмотров: 763 | |