"Өгей әкеме"
Бұл өмірде мен біреуді жек көремін! Ренжідім, оған қатты өкпеледім! Қорқынышпен, үреймен таңды атырып, Түндер бойы көз жасын төккен едім. Жек көрсем де мен оны қарғамадым, Өз орнына қояды Алла бәрін. Болашаққа сеніммен қараймын да, Өзімді өзім жұбатып алданамын. P.s. Тағдырдан талай рет таяқ жегем, Жоқ екен онда сезім аяу деген. Өмірден күдер үзген кездерімде, Құтқарған мені жалғыз аяулы өлең!
| |
Просмотров: 755 | |